сәрсенбі, 26 наурыз, 2025 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ұлан сарбаздары балалар үйінің аумағын қардан тазартты

Ұлттық ұлан сарбаздары балалар үйінің аумағын қардан тазартты
ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді

Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының 15 сарбазы Астанадағы «SOS Астана балалар ауылының» аумағын қардан тазартуға атсалысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Білекті сарбаздар қыс бойы жиналған қарды шығарып, жолдарды ретке келтіріп, балалар үшін қолайлы орта қалыптастырды.

– Біз бұл жерге тек қар тазалау үшін емес, балаларға жылулық сыйлау үшін де келдік. Олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы – біз үшін маңызды. Осындай шараларға қатысу бізге де үлкен қуаныш сыйлайды, – деді қатардағы сарбаз Айбек Баратов.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері жауынгерлерге алғыс білдіріп, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл шара тек балаларға ғана емес, сарбаздар үшін де ерекше әсерлі сәтке айналды.

Қоғамға пайдасын тигізетін мұндай игі істер адамдарды бір-біріне жақындастырып, мейірімділік пен қамқорлыққа баулиды.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар