дүйсенбі, 7 қазан, 2024 17:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ұлан тағы бір әскеридің өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді

Ұлттық ұлан тағы бір әскеридің өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді
ашық дереккөзі
Ұлттық ұлан тағы бір әскеридің өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді

Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өз үйінде асылып қалды. Бұл туралы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті. «30 шілде күні сағат 05:15-те әскери бөлімге келісімшарт бойынша әскери қызметші, аға сержант А.С.Мерғалиевтің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Мән-жайды нақтылау кезінде әйелінің түнгі сағат 03:30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасында асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды», - деп хабарлады «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.Ведомство ақпаратына сәйкес, арнайы комендатураның қарауыл бастығы Абылай Серікұлы Мерғалиев 1990 жылы туған.Үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен.Қазір аталған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар