Жаңалықтар
Ұлттық ұланның жеке құрамы жазғы әскери киім үлгісіне көшті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 сәуір, 2025
- 308

Осыған орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында жеке құрамның саптық қарауы өтті.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланда жеке құрам жазғы әскери киім үлгісіне көшті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара маусымдық киім үлгісіне көшу тәртібін сақтау, сондай-ақ саптық дайындық пен командаларды үйлесімді орындау дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Саптық қарау барысында әскери қызметшілердің сыртқы келбеті мен жеке құжаттары тексерілді, сонымен қатар саптық жаттығуларды орындау машықтары бағаланды. Әскери қызметшілердің үлгілі сыртқы көрінісі мен тәртібін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Айта кетейік, осы күннен бастап өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілері де белгіленген талаптар мен үлгілерге сәйкес жазғы әскери киім киюге көшуде.
Келесі мақала
Қытай Boeing ұшақтарын сатып алуға тыйым салды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025
Жаңалықтар
Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025