Жаңалықтар
Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаны кім қадағалайды?
- авторjambylinfo.kz
- 14 желтоқсан, 2022
- 299
Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаны кім қадағалайды?
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның бірыңғай операторы болып белгіленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов мәлімдеді.
«Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды.
Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қосымша 253 жоба жүзеге асқан
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17