Жаңалықтар

Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллар түсе бастады

Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллар түсе бастады

Бүгін, 2024 жылдың 31 қаңтарында Қазақстанда жасы 18-ге толмаған балалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасынан ашылған арнайы шоттарына Ұлттық қордан алғашқы инвестициялық табыс түсе бастады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде “Ұлттық қор - балаларға” жобасы басталды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысы елдегі 18 жасқа толмаған балаларға тең бөлінген. Осылайша, әр баланың шотына 100,52 доллар түскен. Балаңыздың арнайы есепшотына қаражаттың түскен-түспегенін білу үшін мына сілтеме бойынша өтіп, баланың ЖСН жазу керек. https://kids.enpf.kz/