дүйсенбі, 25 қараша, 2024 23:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық қордың ақшасы бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл ғана сақталады

Ұлттық қордың ақшасы бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл ғана сақталады
ашық дереккөзі
Ұлттық қордың ақшасы бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл ғана сақталады
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қордың инвестициялық табысынан жиналған ақша шотта бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл ғана сақталады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, осы аралықта ақша қажет болмаса, оны зейнетақы шотына аудару ұсынылып отыр. Сонымен қатар ол 18 жасқа толған балалардың шотындағы ақшаны доллармен төлеу ұсынылып отырғанын айтты. Бұнымен қоса, егер 18 жасқа дейінгі бала шетелге көшіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың ақшасын ала алмайды. Оның қаржысы басқа балалар арасында бөлінеді. Ал егер азаматтығын өзгертпей, шетелге кетсе, төлем алу құқығы сақталады. Сондай-ақ, азаматтық заңнамаға сәйкес, жиналған қаражатты мұраға беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ал бала іс-әрекетке қабілетсіз болса, ата-аналарға, қамқоршыларға заңнамаға сәйкес қаржыны пайдалану құқығы беріледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар