Жаңалықтар
Ұлттық сараптама орталығы Жамбылдағы филиалының қызметін уақытша тоқтатты
- авторjambylinfo.kz
- 14 маусым, 2023
- 264
Ұлттық сараптама орталығы Жамбылдағы филиалының қызметін уақытша тоқтатты
Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы Жамбыл облыстық филиалының сарапшы-аудиторы сертификат ресімдеу кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өтінішіне байланысты Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы облыстық филиалының сарапшы-аудиторы тауардың шығу тегі туралы сертификатты (СТ-KZ) ресімдеу үшін сараптама актісін жасау кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады.
Сарапшы «ел ішіндегі құндылық» пайызының үлесін дұрыс есептемеген. Сонымен қатар актіде тауардың есептеулері өтініштегі есептеулермен сәйкес келмеген. Бұл жерде
полиэтилен және жол құрылысына арналған материалдан жасалған құбырларға қатысты болып отыр.
«Сыртқы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішінің» коды дұрыс көрсетілмеген. Сараптама актісінде шикізатты жеткізуге шарт жасалған күн алдын ала келмеген күнмен белгіленді, яғни дұрыс көрсетілмеген. Мұндай әрекет заңнама талаптарын өрескел бұзу болып саналады. Сондықтан сот Жамбыл Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының қызметін тоқтата тұру және айыппұл салу түрінде санкция қолданған. Жалпы, 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Комитеттің аумақтық департаменттері «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ филиалдарына қатысты 12 бақылау іс-шарасын өткізді, нәтижесінде өнімнің сәйкестігін бағалау туралы берілген 8 құжат, 10 өлшем құралдарын калибрлеу сертификаты, 77 сынақ хаттамасы жойылды. Қоғамның Алматы және Жамбыл филиалдарының толық немесе ішінара аккредиттеу аттестаттары тоқтатылды», - деп мәлімдеді СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Елімізде баспанаға сұраныс күрт азайды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Сергек» камералары түсіретін айыппұлдар екі есе азая ма?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 11:19