Ұлттық сараптама орталығы Жамбылдағы филиалының қызметін уақытша тоқтатты
Ұлттық сараптама орталығы Жамбылдағы филиалының қызметін уақытша тоқтатты
Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы Жамбыл облыстық филиалының сарапшы-аудиторы сертификат ресімдеу кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өтінішіне байланысты Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы облыстық филиалының сарапшы-аудиторы тауардың шығу тегі туралы сертификатты (СТ-KZ) ресімдеу үшін сараптама актісін жасау кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады. Сарапшы «ел ішіндегі құндылық» пайызының үлесін дұрыс есептемеген. Сонымен қатар актіде тауардың есептеулері өтініштегі есептеулермен сәйкес келмеген. Бұл жерде полиэтилен және жол құрылысына арналған материалдан жасалған құбырларға қатысты болып отыр.