Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 1168 адам жолданды
Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 1168 адам жолданды
Өткен жылы Ұлттық жоба аясында Жамбыл облысында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адамды тарту жоспарланған десек, жоспар 152,7 пайызға орындалып, 75565 адам қамтылған. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде айтылды. Басқосуда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, баяндама жасады. Оның айтуынша, әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста 6,2 мың жұмыс орның ашу жоспарланған. Бүгінгі күнге облыста 15,4 мың жұмыс орны құрылған. Негізі халықты жұмыспен қамту мәселелері 2022 жылдан бастап Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (ары қарай – Ұлттық жоба) аясында іске асырылуда. - Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 33879 адам болса, есепті кезеңге 48944 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 144,5 пайызға орындалды. Сонымен қатар, 35590 адам тұрақты жұмысқа тұрған. Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1168 адам жолданды, оның барлығы жұмысын аяқтап, 1100-і немесе 94,2 пайызы тұрақты жұмысқа тұрды. 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 47584 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 3,8 млрд.теңге қаржы қарастырылған. Ал, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 9219 отбасындағы 48298 адамға төленді. Өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда АӘК алушылар 2590 отбасы 12851 адамға немесе 21,3 пайызға төмендеген, көмек алушылар облыс бойынша жалпы халықтың 4,0 пайызын құрап отыр, - деді Еркін Келесов. Кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12284 бала қамтылды. АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды 10136 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Сондай-ақ, 2022 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 95,7 пайызды құраған. Порталда 23565 өтініш тіркеліп, 22548 өтініш қанағаттандырылды. Бұл республика бойынша алдыңғы 2-ші көрсеткіш екенін атап өткен жөн. Жиында бірқатар өзекті мәселелер де талқыланып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.