Лукашенко Беларуссияға мобилизация жариялады
Лукашенко Беларуссияға мобилизация жариялады
Беларусь Президенті студенттерді, жұмысшыларды және мемлекеттік қызметкерлерді мобилизациялау қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мобилизация егін жинауға қатысты болмақ. Беларусь басшысы картоп, астық, қызылша мен жүгері жинауға тіпті мектеп оқушыларын да тартуға болатынын айтты.
«Барлығын жұмылдырыңыз. Барлығын тазалауға көмектесу үшін студенттерді, жұмысшыларды, мемлекеттік қызметкерлерді және басқа адамдарды мобилизациялау керек», - деді Лукашенко кездесуде.Ол мектеп оқушыларын егін жинау жұмыстарына тарту керектігін түсіндірді. Айтуынша, күніне бес-алты сағат жұмыс істеу балаға жақсы дене шынықтыру, ал бұл ата-ана үшін қуаныш. Өткен жылдардағы жасөспірімдердің ауылшаруашылық кәсіпорындарына егін жинауға көмектескен тәжірибесі оңды болған.
Әскерге мобилизациялау мәселесіне қатысты Александр Лукашенко Беларусьте болмайтынын мәлімдеді.