дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлы ағартушыға бюст қойылды

Ұлы ағартушыға бюст қойылды
ашық дереккөзі
Ұлы ағартушыға бюст қойылды
Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен Ұстаздар күніне орай бас қаладағы №83 орта мектептің алдына ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш-бюст қойылды.  
Салтанатты іс-шараның ашылуында сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов ел тарихындағы айтулы тұл­ғаларды ұлықтау – біз­дің парызымыз дей келіп: «Бүгін біз саналы ғұмырын ағарту ісіне арнаған ұлы тұлғамыздың бюстін ашуға жиналып отырмыз. Бұл ағартушының 180 жылдық мерейтойына арналған айтулы шара деп санаймын. Алдағы таңда дәл осы №83 орта мектебіне Ыбы­­рай Ал­тынсариннің есі­мі бе­ріледі деп жоспарлап отыр­мыз» десе, ақын, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы: «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық», деп жыр­лап, Торғай дала­сын­да алғаш рет қазақ мек­те­­бі­нің қоңырауын сың­ғыр­лат­қан Ыбырай ата­мыз­дың мүсінінің елорданың тө­рінен бой кө­теруі − қа­зақ үшін үлкен мақ­та­ныш!», деп толғанды. Ал Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің ректо­ры Ерлан Сыдықов бүгін­де еліміз ұлы ұстаз арман­даған заманға қол жет­кіз­генін айтып, кейінгі жыл­дардағы білім саласында жүзеге асқан жемісті жұмыстарға тоқталды. − Жақында ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев 1000 мектеп салу бағ­­дар­ламасын алға қой­ды. Елордамызда таяу жылдары 50-ге тарта мектеп салынбақшы. Қазірдің өзін­де үш ауысымдағы мек­­тептер жоқ. Осының бәрі білім және ғылым са­ла­сында жүргізіліп жат­қан реформалардың арқа­сы деп білемін. Мұғалім­дердің мәртебесін көтеру бағытында да жаңаша ше­шімдер қабылданды. Ұс­таз болам деген студент­тердің шәкіртақысы көте­рілді. Міне, мұның бәрі пе­­дагогтердің дәрежесі мен абыройының көтерілуіне сеп­тігін тигізеді» деді бел­гілі ғалым. Айта кетейік, бас қа­ланың төріне келіп орын тепкен Ыбырай Алтын­сарин бюстінің биіктігі, тұғырымен қоса алғанда төрт метрден асады. Туын­ды авторы – Нұрбол Қа­лиев
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар