сейсенбі, 1 қазан, 2024 0:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ұлы дала баласы ұлы даланы сыпыруда»: Төреғали Төреәлі сот үкімін орындап жүрген видеосын жариялады

«Ұлы дала баласы ұлы даланы сыпыруда»: Төреғали Төреәлі сот үкімін орындап жүрген видеосын жариялады
ашық дереккөзі
«Ұлы дала баласы ұлы даланы сыпыруда»: Төреғали Төреәлі сот үкімін орындап жүрген видеосын жариялады
Әнші полицейлерді қорлағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған болатын.
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі сот шешімі бойынша 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Бүгін әнші әлеуметтік желіде өзінің көше сыпырып жүрген видеосын жариялап, сот жазасын орындап жатқанын жеткізді.
«Соттың шешімі бойынша, 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырған болатын. Түске дейін саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз отаным, тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы сыпырып жатыр. Мұның еш әбестігі жоқ. Керісінше, тазалық сақтау – сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе?», - дейді әнші бейнежазбада.
Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі үстіміздегі жылдың 14 маусымында жол ережесін бұзып, полицейлердің қолына түскен еді. Сараптама нәтижесі оның есірткіге масаң күйде екенін анықтаған. Полицейлерге бағынбай, оқиға орнынан кетуге тырысқан әнші 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қыркүйек айының соңында ол полицейлерді қорлағаны үшін тағы да сотқа тартылып, әншіге 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар