Жаңалықтар

«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының жеңімпаздары белгілі болды

«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының жеңімпаздары белгілі болды

1 200 шақырымды 11 күнде бағындырған шабандоздарды Түркістан төрінде ел құрметпен қарсы алды. Бәйгенің жеңімпазы атанған Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасына 24 млн теңгенің сертификаты тапсырылды. Екінші орын атанған Жетісу өңірінің «Жетісу» командасына 12 млн теңге жүлде тарту етілді. Мәреге үшінші болып жеткен Түркістан облысының «Теріскей» командасының шабандоздары 9 млн теңге сыйақыны қанжығаларына байлады.