"Ұлы жеңіс. 80 жыл" коллекциялық монеталары айналымға шығады

Монеталар сатуға шығарылатын күнге қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.
Ұлттық банк "Көрнекті оқиғалар мен адамдар" сериясынан Ұлы Жеңіс.80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Монеталарда қаза тапқан батырларды еске түсіретін мәңгілік алау бейнеленген. "80" санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және мемлекеттік Тудың элементтерін үндестіретін стильде жасалған.
Монета:
Алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, түрлі-түсті баспа технологиясы бойынша, "proof" өндірістік сапасымен, номиналды құны – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 дана;
нибрас/нейзильбер қорытпаларынан (биколорлы) жасалған, салмағы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 мм, номиналды құны 200 теңге, таралымы он миллион дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстаның бүкіл аумағындақабылдануға міндетті. Қазақстан теңге сарайында коллекциялық монеталар жасалды.