Жаңалықтар
Ұлыбритания патшасы тағы да ауруханаға түсіп қалды
- авторАрайлы Жақсылық
- 28 наурыз, 2025
- 651
Ұлыбритания королі ІІІ Карл қатерлі ісікті емдеу барысында пайда болған «жанама әсерлерге» байланысты ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы Букингем сарайының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Госпитализацияға байланысты 27 және 28 наурызға жоспарланған барлық қабылдаулар тоқтатылды.
«Ұлы мәртебелі король осы жағдайға байланысты наразы немесе көңілі қалған жандардан кешірім сұрайды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, қысқа мерзімді тексерістерден кейін ІІІ Карл Лондондағы Кларенс-хаус резиденциясына жіберілді.
Еске сала кетейік, Ұлыбритания короліне 2024 жылдың ақпан айында қатерлі ісік диагнозы қойылған еді. Осыдан кейін ол емдеу курсын бастап, қоғамдық міндеттерін уақытша тоқтатқан болатын. Алайда сәуір айында өз қызметіне қайта оралды.
Келесі мақала
Зайсан әуежайында құрылыс жұмыстары басталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






