Ұлыбританияда аптасына 4 күндік жұмыс эксперименті сәтті өтті
Ұлыбританияда аптасына 4 күндік жұмыс эксперименті сәтті өтті
Ұлыбританияда 61 компания арасында жүргізілген 4 күндік жұмыс аптасы бойынша тәжірибе оң нәтижемен аяқталды. Айта кетейік, бұл эксперимен алты ай бойы жүргізілген. Тәжірибе барысында компаниялар өз жұмысын оңтайландырған: қысқа іскерлік кездесулер, ең аз үзілістер, нақты жоспарлау. Нәтижесінде қызметкерлердің көңілі көтеріліп, еңбекке жарамсыздық бойынша демалыс күндері 65%-ға қысқарған, жұмыстан босатулар өткен жылмен салыстырғанда 57%-ға азайды, 23 кәсіпорынның кірісі орта есеппен 1,4%-ға өсті. 56 компания экспериментті жалғастырып, оның 18-і 4 күндік жұмыс аптасына тұрақты түрде көшті.