Ұлыбританияда ерекше жұмыртқа 220 мың теңгеге сатылды
Бұл туралы Wellington Weekly News мәлімдеді
Ұлыбританиядағы фермада сирек кездесетін жұмыртқа табылып, рекордтық 420 фунт стерлингке (220 мың теңгеден астам) сатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ферма қызметкері Эли Грин бұл ерекше жұмыртқаны байқап қалған. Оның айтуынша, жұмыртқа әдеттегідей емес, өзгеше домалаған. Себебі оның пішіні ерекше – ол дөңгелек болған.
“Мұндай жұмыртқа ешкімде жоқ. Тіпті Илон Маскта да дөңгелек жұмыртқа жоқ, солай емес пе?” – деп әзілдеді Грин BBC News-ке берген сұхбатында.
Бұған дейін де мұндай жұмыртқалар аукционға қойылғанымен, бағасы 220 фунттан аспаған. Бұл жолы баға екі есеге өсті.
Түскен қаражаттың барлығы жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін Devon Rape Crisis қайырымдылық ұйымына аударылды. Эли Грин бұған дейін сол ұйымның еріктісі болған.