Жаңалықтар

Ұлыбританияда соңғы он жылда болмаған ірі наразылық акциясы өтіп жатыр

Ұлыбританияда соңғы он жылда болмаған ірі наразылық акциясы өтіп жатыр

Ұлттық ереуілге жарты миллионға жуық жұмысшы қосылды. Бұған инфляцияның өсуі және ереуілшілер үшін ең төменгі жұмыс көлемін енгізу жөніндегі үкіметтің бастамасы себеп болды. Шеруге қатысушылар еңбек жағдайларын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етті. Наразылық шеруіне байланысты Ұлыбританияда мыңдаған мектеп жабылып, ондаған университетте дәрістер үзілді, қоғамдық көліктер жұмысы бұзылды, теміржол қатынасы мен көптеген әуе рейсі тоқтатылды.