«Ұлым үйленуге асықпаса, тағы да бөпелі болсам деймін»: Жазира Байырбекова арманы туралы айтты
Әнші бұл туралы желідегі парақшасына жазған
Белгілі әнші Жазира Байырбекова тұңғышы үйленуге асықпайтынын алға тартып, әулиетіне келін түсіргенше, тағы да нәрестелі болуды армандайтынын жасырмай жазған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі 50 жасында балалы болған продюсер Баян Алагөзова талай келіншектің үмітін оятқанын атап өткен.
Ал әншінің желідегі оқырмандарының пікірі екіге жарылған. Олардың бірі - ұлыңызды асықтырып ертерек немерелі болыңыз, жас келгенде бала туу ұят, денсаулыққа қарау керек десе, енді бірі – әншінің ой-арманын қолдап, жүрекжарды тілектерін жарыса жазған.