Жаңалықтар

"Ұлымыздың фильмі": Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева бірге киноға түсіп жатыр

“Көке” деп аталатын фильмнің режиссері өнер иелерінің ұлы – Асылжан Әбдімүтәлі

Алматыда жас кино режиссер Асылжан Әбдімүтәлінің "Көке" фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Басты рөлдерді Асылжанның ата -анасы Сәбит Әбдіхалық пен Айгүл Иманбаева сомдап жатыр, деп жазады Jambylinfo.kz. 

Ақжолтай жаңалықты актриса, әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасына жазған.

Ал белгілі продюсер Баян Мақсатқызы түсірім ортасында жүргенін атап өтіп, экс жұбайлар Сәбит Әбдіхалық пен Айгүл Иманбаеваның қарым-қатынасына, өзара сыйластығына тәнті болғанын жасырмаған.