Ұлытау облысының шекарасы ресми бекітілді
Үкімет Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Құжат мазмұнына сәйкес, жалпы көлемі 18 миллион 893 мың 661 гектар жер, оның ішінде Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалалары, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандары Қарағанды облысының құрамынан шығарылды. Олар Ұлытау облысының аймағына кіреді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз