Жаңалықтар

Ұлытаудағы шахтадағы апатқа байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Комиссияны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және  зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарды.

Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін ТЖ орнына шұғыл бару тапсырылды.