Мұғалімдер экономикадағы орташа жалақымен тең айлық алады - Аймағамбетов
Мұғалімдер экономикадағы орташа жалақымен тең айлық алады - Аймағамбетов
Елімізде мұғалімдер экономикадағы орташа жалақымен тең айлық алады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Министр педагогтер өздерінің құзіретіне кірмейтін жұмыстарға ендігі уақытта тартылмайтынын, ол заңды тұрғыда шешілгенін баса айтты. «Естеріңізде болса, ертеректе олар пәтер жағалап, есік қағып, өздерінің жұмысына кірмейтін істерді атқаратын. Есеп-қисабы да көп еді. Барлық іс-шара педагог әріптестеріміздің мойнына артылатын. Сондықтан бұл мәәселенің бәрін Заңның қабылдануы арқасында түбегейлі шештік. Бұл жұмыста ары қарай да жалғастыра береміз», - деді Асхат Аймағамбетов.