жұма, 22 қараша, 2024 19:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдер неге бас көтерді?

Мұғалімдер неге бас көтерді?
Сурет: видеодан скриншот
Ұстаздар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында 900 оқушыға арнап салынған Әбдуәли Қайдар атындағы жаңа орта мектепке қатысты дау туындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Жаңа мектептің маңында 44 жылдан бері жұмыс істеп тұрған Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп мұғалімдері оқушылардың жаңа мектепке ағылуына байланысты, сағат санының азайып, жұмыссыз қалу қаупінде тұрғандарын айтып, жан-айқайларын жеткізді.

Елу жылға жуық уақыт білім берген мектеп ұжымы жұмыссыз қалу қаупін айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған. Кейіннен, желіге жүктелген видеоны облыстық білім бөлімі қысым көрсетіп өшірткізіп тастаған. Енді сол үндеулері үшін кешірім сұрауды талап етіп жатқандары да айтылды.

"Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте 89 мұғалім бекітілді. Оның төртеуі бала күтімінде. Биылғы оқу жылында оқушылардың азаюына байланысты ұстаздардың 50%-ы жұмыссыз қалу қауіпінде тұр. Біздің талабымыз мұғалімдеріміздің сағат саны сақталсын. Оқушыларымызды қабылдауына белгілі бір шектеу қойылсын немесе Әбдуәли Қайдар атындағы орта мектепке ұжыммен толық бізді көшірсін" дейді Молдағұлова атындағы орта мектеп мұғалімдері.

Ұстаздардың аудан мен облыстық білім бөлімі басқармасының табалдырығын тоздырып, сұратып жатқан талап-арыздарына жаңа мектеп басшылығынан тым аз сағат ұсынылған. Бірнеше жылдық қызмет істеген мұғалімдер сағат санының мұнша азаюына алаңдаушылық білдіріп, ұжымдағы жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасыларды асыраушыларға бұл жағдай тіпті ауыр тиіп отыр дейді.

Редакция облыстық білім бөлімінен жағдайға қатысты жауап сұрау мақсатында хабарласқанымен байланысқа шыға алмады. Мән-жай туралы алдағы уақытта тағы баяндалады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар