сәрсенбі, 1 қаңтар, 2025 16:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдер жұмыссыз қала ма?

Мұғалімдер жұмыссыз қала ма?
Фото - ашық дереккөз
Педагогтар конкурс арқылы жұмысқа қабылдау тұнып тұрған жемқорлық деп санайды

Шымкент қаласында жұмыссыз қалған жүздеген мұғалім қалалық әкімшілік алдына жиналып, Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрі 
Ғани Бейсембаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, Шымкенттегі №69 мектептің 150 мұғалімі жұмыссыз қалуы мүмкін.

Шарасыз қалған мұғалімдер Шымкент қалалық білім басқармасы мен  қалалық әкімшілікке талап арыздарын жазғанын айтады. 

Олардың айтуынша, "Жайлы мектептің" директоры аталған білім ордасына сыныбымен ауысатын мұғалімдер жұмысқа конкурстық негізде қабылданатын айтқан. 

Сонымен қатар, мұғалімдер Шымкентте ашылған екі бірдей "Жайлы мектеп" 6 айдан бері лицензия алмағанын айтады. 

“Біз неліктен әр 5 жыл сайын категория мен тексерістен өтуге тиіспіз. Бізді жұмысқа конкурссыз, нақты тәртіппен қабылдауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, жаңадан ашылған екі "Жайлы мектептің" лицензия алмағанына ұстаздар кінәлі емес. Соның кесірінен неге жүздеген мұғалім жұмыссыз қалуы тиіс? ", - дейді жан айқайын жеткізген ұстаздар. 

Ал әлеуметтік желі қолданушылары мұғалімдерді сарсаңға салған  билікті сынға алып, бұл мәселені ертерек шешуді талап етіп жаппай пікір жазып жатыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар