Жаңалықтар

Мұғалімдерге қойылатын талап жоғары болуға тиіс - Президент

Мұғалімдерге қойылатын талап жоғары болуға тиіс - Президент

Еліміздегі білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез-келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет. Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет.