дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мүфтият Бишімбаев пен Нүкенованың некесіне қатысты мәлімдеме жасады

Мүфтият Бишімбаев пен Нүкенованың некесіне қатысты мәлімдеме жасады
Коллаж: jambylinfo.kz
Діни басқарма олардың некесін қиған имамға тәртіптік шара қолданған

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жарғысына сәйкес ҚМДБ-ның ресми діни қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жұмыс істейді, деп хабарлайды jambylinfo.kz мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мүфтият «Неке және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабының 3-тармағында тек мемлекеттік органдар қиған неке ғана мойындалатынын еске салып отыр.

«Осыған орай ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібінің тиісті талабына сәйкес мешіт қызметкерлері неке қию рәсімі алдында болашақ ерлі-зайыптылардан Азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті талап етеді. Ал, 2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен болашақ ерлі-зайыптылардың некесі қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде «жасалып жатыр» деп жауап берген. Сонымен қатар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген», - деп хабарлайды Мүфтият.

Қолдарындат заңды неке туралы құжаттың жоқ екеніне қарамай, Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имам тәртіптік жазаға тартылған.

«Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіт имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы АХАТ бөлімінде ресми тіркелмеген, дініміз бен дәстүрімізге қайшы келетін «азаматтық некемен» үйленудің шариғаттағы үкімі харам екенін тағы да хабарлайды. ҚМДБ Қазақстан азаматтарын арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәлі істерден аулақ болуға шақырады», - деп хабарлайды Мүфтият.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар