Жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамдарға ұлттық стандарт қабылданды

Мүгедектігі бар адамдарға ұлттық стандарт қабылданды

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «банк бөлімшелерінің қолжетімділік картасы» ашылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру басқармасының бас маманы Мұхамед Бағдатұлы мәлімдеді.

Спикер мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қолжетімділік жөніндегі ұлттық стандарт қабылданғанын атап өтті.