жексенбі, 6 қазан, 2024 17:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды

Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды
ашық дереккөзі
Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке Түркия елінде ота жасалды, деп хабарлайды Жамбылинфо. Оның айтуынша, бір жарым жыл бұрын аяғын сындырып алған, түрлі ота жасалса да, сүйегі бітпепті. Тіпті, басқа ағзаларды бүлдіре бастаған. Соған орай Түркия еліне барып, белгілі дәрігерлер ота жасатты.
Маған білдірген тілектестіктеріңізге, жасаған дұға-баталарыңызға көп рахмет! Алладан қайтсын! Отадан өтіп, терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым, сосын жақындарыма, туыс-достарыма амандығымды білдірдім. Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт! Заманауи емхана, білікті дәрігерлердің алдында жатсаң да, арнайы ниеттеніп, аз-кем дайындықпен келсең де, «быламыққа тіс сынатынын» білетін әлсіз пенде ретінде уайымдайсың, – дейді айтыскер ақын.
Желі қолданушылары айтыскер ақынға тезірек сауығып кетуіне тілекші екендігін білдіріп жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар