Жаңалықтар
Мұхаммед Әлидің немересі кәсіби рингке шығуға бел буды
- авторjambylinfo.kz
- 21 маусым, 2021
- 192
Мұхаммед Әлидің немересі кәсіби рингке шығуға бел буды
Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолш 14 тамызда кәсіби рингке шығады.
Top Rank компаниясы Уолштың жұдырықтасуын Эндрю Молонидің Джошуа Франкоға қарсы жекпе-жегінің андеркардында өткізеді.
Top Rank басшысы Боб Арум промоутерлік мансабындағы алғашқы жекпе-жекті Мұхаммед Әли үшін 1966 жылы ұйымдастырған.
«Атам менің промоутерлікке Боб Арумнан басқа ешкімді қаламағанын нақты білемін. Сіздер Дон Кингтің менің атаммен және Майк Тайсонмен қалай араласқанын көрдіңіздер, бокста көп адамға сене беруге болмайды, ал Боб Арум болса – тек бокста емес, жалпы алғанда, бизнесте беделге ие адам. Мен әрқашан Top Rank-тің бір бөлігі болғым келген. Бұл – мен үшін үлкен құрмет», - деді Уолш.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала