Жаңалықтар

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

The final spritzer

Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ақын Мұхтар Шахановтың жары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, Розалинда Шаханова – 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген.