дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчы сенсациямен бітті

Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчы сенсациямен бітті
ашық дереккөзі
Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчы сенсациямен бітті
Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz. Н тобындағы кездесу Германияның Гамбург қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 40-минутта Данила Сикан салды. Бұл "Барселона" үшін топтық кезеңдегі үші жеңістен кейінгі алғашқы ұтылыс болды. Осылайша, каталондықтар плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін уысынан шығарып алды, дегенмен турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды. Алты ұпай жинаған "Шахтер" де өзгермей үшінші орныда қалды.
F тобында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында англиялық "Ньюкасллды" 2:0 есебімен ұтты. Гол салғандар Никлас Фюллькруг (26-минут) және Юлиан Брандт (79) болды. Енді жеті балл жинаған "Боруссия" топта бірінші орынға шықты, ал "Ньюкасл" төрт ұпаймен үшінші келеді.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар