Жаңалықтар

Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчы сенсациямен бітті

Мүлде күтпеген нәтиже. "Барселонаның" ЧЛ-дегі матчы сенсациямен бітті

Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz. Н тобындағы кездесу Германияның Гамбург қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 40-минутта Данила Сикан салды. Бұл "Барселона" үшін топтық кезеңдегі үші жеңістен кейінгі алғашқы ұтылыс болды. Осылайша, каталондықтар плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін уысынан шығарып алды, дегенмен турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды. Алты ұпай жинаған "Шахтер" де өзгермей үшінші орныда қалды.