Мәлік Отарбаев: Жамбылдағы химия өнеркәсібін дамыту – басты назарда

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, жұмысшылармен еркін пікір алмасу өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Белгілі болғандай, еліміздегі химия өнеркәсібі өнімінің 20 пайыздан астамы Жамбыл өңірінде өндіріледі. «Қазфосфат» ЖШС бас директорының кеңесшісі Батырбек Құлекеевтің айтуынша, Қаратау аймағында аталған серіктестіктің онға жуық өндіріс ошағы жұмыс істейді. Компания өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға, сондай-ақ ішкі нарыққа экспортталады.
Мәлік Отарбаев өндірістің әлеуетімен танысып, өңірдің экономикалық маңызын атап өтті. Ол, әсіресе, кәсіби кадр даярлау қажеттігін ерекше тоқталды.