жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Мүмкін емес нәрсе жоқ": Ердос Сметов барлық армандар орындалатынын айтты

"Мүмкін емес нәрсе жоқ": Ердос Сметов барлық армандар орындалатынын айтты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жерлесіміз дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы атанды

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жетістікке жету жолында барлық қиындықты жеңіп, арманға жетуге болатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

"Мүмкін емес нәрсе жоқ. Соған көзім жетті. Егер ниет болса, бәрін де жеңуге болады. Бәрі де қолдан келеді екен. Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалып, жекпе-жек түрлерінен қазақтан Олимпиада чемпионы шықты. Өте қуаныштымын! Өзімнің үшінші мүмкіндігімде чемпион атандым. Бұған дейін күмісті де, қоланы да алдым. Әлем чемпионы атандым. Халқымды қуантудан  артық бақыт жоқ",-  деді Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов 3 бірдей олипиадаға ойындарына қатысып, үшеуінде жүлделі болған тұңгыш қазақ. Ол Рио-2016 олимпиадасында күміс, Токио-2020 олимпиадасында қола медаль алған еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар