бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 22:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

МӘМС қорының қаржылық тұрақсыздығы және оның болашақтағы проблемалары

МӘМС қорының қаржылық тұрақсыздығы және оның болашақтағы проблемалары
Ашық дереккөз
МӘМС қорының қаржылық моделі тұрақсыз болып, алдағы жылдары шығындардың кірістерден асып түсуі мүмкін, бұл жүйенің тиімділігін төмендетеді

Жоғары аудиторлық палатаның болжамы бойынша, МӘМС қоры алдағы 5 жылда өз міндеттерін орындау қиынға соғуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Палата мүшесі Нұрлан Нұржановтың айтуынша, МӘМС қорының қаржылық моделі тұрақсыз болып, 2026 жылға қарай шығындар кірістерден артық болмақ. Қордың қаржы моделін қалыптастыруда демографиялық болжамның орнына халықтың орташа өсімі қолданылып, инвестициялық табыстарды есептеу кезінде қаржы құралдарының сыйақы мөлшері 13,5%-дың орнына 11%-ға дейін төмендетілген.

Аудит барысында азаматтарға ақылы қызметтер мен тегін медициналық көмек көрсету есебінен 10 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 4,2 млрд теңге жұмсалғаны және сәйкессіздіктер болғаны анықталған. Сонымен қатар, медициналық қызметтерді бірлесіп орындаушылармен интеграцияланған ашық ақпараттық жүйенің болмауы себепті 28 млрд теңгеге 56 млн-нан астам медициналық қызмет расталмаған.

2023 жылға арналған Медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасына сәйкес, медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі әлі де іске асырылмаған. Бұл іс-шаралар бірнеше рет мерзімін ұзартқанымен, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тек 2025 жылдың бірінші тоқсанында ғана төрт өңірде пилоттық режимде жүргізілуі жоспарлануда.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар