Жаңалықтар

“МӘМС-тен мәніс кетті”: Білікті дәрігерлер елден кетіп жатыр

The final spritzer

Ел медицинасындағы МӘМС жүйесі саланы алға жылжытудың орынына жағдайды ушықтырып жатқан көрінеді

МӘМС қарапайым халық үшін тиімді болмай тұр. Бұл туралы белгілі медицина сарапшысы Ғабит Нұрханов "Түскі формат" хабарында баяндады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
 

Айтуынша аталған жүйе әу баста науқастардың сырқатына шипа іздеу үшін ыңғайлы боп, медицинаға қолжетімділікті арттырады деп күтілгенімен, жағдай түзеле қоймаған. Дәрігерлердің де жалақысында өзгеріс жоқ. 
 

 

Сонымен қатар ол: "Сыйақылардың қысқаруы мен қаржының жетіспеушілігі медицина саласына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты көптеген білікті мамандар шетел асуда. Қазіргі МӘМС жүйесі тиімсіз, нәтижесінде халықтың ақшасы далаға кетіп жатыр", - деді.

Еске сала кетейік, МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған. МӘМС үшін жұмыс берушілер қызметкерлерге жалақы есебінен 3 пайыз төлейді.