Мұнай бағасы 3%-ға арзандады: Қазақстан экономикасына әсері қандай

Бұл жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіш
Мұнай нарығында құлдырау байқалуда – Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 69,41 доллар, ал WTI маркасы 66,42 доллар деңгейінде саудалануда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бір жыл ішінде Brent 28%-ға құнсызданды.
Бағаның төмендеуіне не себеп?
Мұнай бағасының құлдырауына АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорын ұлғайтуы әсер етті. Өткен аптада елдегі мұнай қоры 3,6 млн баррельге артып, жалпы көлемі 443,7 млн баррельге жеткен.
Қазақстан экономикасына әсері
Мұнай бағасының түсуі ел бюджетіне кері әсер етуі мүмкін, себебі мемлекеттік кірістің 40%-дан астамы мұнай-газ секторынан түседі. Қара алтын құнының төмендеуі бюджет тапшылығының ұлғаюына және теңге бағамының әлсіреуіне алып келуі ықтимал.