Жаңалықтар
«Мәселені шешуді білмесеңіздер, өңірлерге кедергі жасамаңыздар»- Депутат
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2022
- 320
«Мәселені шешуді білмесеңіздер, өңірлерге кедергі жасамаңыздар»- Депутат
Депутат Сауда және интеграция министрін сынға алды.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғалым Әміреев халықтың азық-түлік бағасының тұрақталатынына сенбейтінін айтып, бұл мәселе бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Айтуынша, елге ең төмен бағалар бойынша ақпарат беретін аналитикалық маркетинг орталығы керек. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін тасымалдау мәселесі де шешілмеген.
«Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? Егер мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар», - деді Ғ.Әміреев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала