жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәжілісмен Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетін «ұйықтап жатқан мемлекетке» теңеді

Мәжілісмен Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетін «ұйықтап жатқан мемлекетке» теңеді
ашық дереккөзі
Мәжілісмен Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетін «ұйықтап жатқан мемлекетке» теңеді
 
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетін сынап, аталған ведомствоны «халық үніне құлақ асатын емес, ұйықтап жатқан мемлекетке» теңеді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Айта кетсек, Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасын қорғаған. Кодекс жобасын талқылау барысында Ерлан Сайыров министрліктің Қазақстан қоғамында жанжал туғызатын бір проблемалық бағыты – арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін субъектілер қызметінің мәселесі екенін атап өтті. Депутат бірнеше мысал келтірді. Айтуынша, осы жылдың сәуірінде жаңалықтар легі Қарағанды қарттар үйінде, тамыз айында Шығыс Қазақстанда жымқыру туралы жаңалықтарға толы болған. Ал жақында Абайдағы қарттар үйінде жымқыру туралы жаңалықтар, оның қызметкерлері Қазпошта қызметкерлерімен бірге бес жыл бойы басқалардың ақшасын иемденіп келгені тағы белгілі болған.
«Әлеуметтік кодекс жобасында әлеуметтік қызметкерлерді аттестациялау нормалары, олардың тізілімі жүргізілетінін көріп отырмыз. Бірақ әдетте әлеуметтік қызметкерлер жай ғана орындаушы. Ал олардың басшыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Неге әлеуметтік кодексте медициналық-әлеуметтік мекемлердің басшыларына, қызметкерлеріне қойылатын міндетті талаптар, сондай-ақ оларды аттестациялау және ауыстыру енгізілмеген? Олар бір мекемеде 15-20 жылға дейін жұмыс істейді. Мұндай мекеме басшыларының сапалы кадрлар құрамының арттыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұдан басқа министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мұндай жағдайларды болғызбасүшін не істеп отыр? Шыны керек, осы керек, құлақ асатын емес, ұйықтап жататын мемлекет тәрізді», - деді Ерлан Сайыров.
Бұл сұраққа жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутат айтқан мәселе барын, «оны мойындайтынын» атап өтті. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 103 ірі медициналық-әлеуметтік мекеме бар.
«Уақыт өте келе қазір үлкен интернаттарды демонополияндыруға алып келуге тура келеді. Сондықтан, ең бірінші кезекте, нормативтерді енгізу, сол нормативтер аясында жеке секторды шақыру көзделеді. Бізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 43 пайызы ауылда тұрады. Оларға қызметтердің көбі әлі жетіп жатқан жоқ. Сондықтан, соларға жеткізу мәселесін қарап отырмыз», - деді министр.
Тамара Дүйсенова қазірдің өзінде 209 жеке сектор жұмыс істейтінін атап өтті.
«Ондағы қызметтер сапасын мемлекеттік мекемелерге қарағанда жақсы деп айтуға болады. Сондықтан, «Балапан» бағдарламасы шеңберінде баламасын көтерейік деп отырмыз. Екіншіден, әрине, біз әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау жайлы айттық. Бірақ мекемелердің өзін аттестаттау, сертификаттау мәселесі алдыңғы заңымызда болған. Қазір порталға кіру үшін, сол қызметті көрсету үшін бюджет мекемелеріне қойылатын талаптардың бәрін қатайттық», - дейді министр.
Тамара Дүйсенова жергілікті әкімдіктер әлеуметтік мекемелердің басшыларын тағайындайтынын айтады. Сол себепті комитеттің қолы ол лауазым «тағдырын» шешуге жете бермейтін.
«Бірақ қазір әлеуметтік тапсырыстарды өзімізге алдық. 2 млрд теңге ендігі жылға қойдық. 2 млрд теңгені жергілікті жерлерге беріп, талаптарға сай келетін болса ғана порталға енгізіңіздер деп отырмыз. Сондықтан, біз оны Әлеуметтік кодексте толық көрсеттік», - дейді Тамара Дүйсенова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар