«Мақпал ханым, іше түсіңіз, шеріңіз тарқасын!»: ақын-журналистер халықтан әншінің жан-күйін түсінуді сұрады
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2024
- 1.1k
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованың желіде тараған видеосына қатысты өнер адамдарды жазба жариялап, халықтан әншіні сөкпеуді өтінді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ақын Ықылас Ожайұлы фейсбук желідегі парақшасында Мақпал Жүнісовадан қайраткер, я ибалы нәзік әйел бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателесетінін жазған.
«Ол бар болғаны кісі кейпіне ұласқан әннің өзі ғана. Оның түйеден түскендей сөйлей салатын, басы бар да аяғы жоқ орашолақ ойы – ескен желдей ерке әншінің ақжелең көңілі мен ішкі табиғатының нышаны. Мақпал – ішкі еркіндік пен сана бостандығына шын көтерілген адам. Оның тік шапшыған байтақ дауысы мен әр нотаны сорғалатқан нәзік дірілі сопының хал ішіндегі бейне бір дәргейі дерсің. Сол үшін де Мақпалды қазаққа бере салған Құдайға мың мадағымды жаудырамын...», деп жазған ақын.
Ал журналист Серік Хасенов Мақпал Жүнісованың өмірі өз аузымен айта алмайтын ішінде өліп бара жатқан сұмдық пен шындығы бар екенін алға тартқан.
«Мақпал ханымның өжеттілігіне ризамын өзім. Өмірдің небір қиянаты мен қыспағына шыдап келе жатыр... өмірі өз аузымен айта алмайтын ішінде өліп бара жатқан сұмдық пен шындығы бар... Күйеуіңді атып кетіп, өлімін сенен көреді... Өнер жолыңдағы есіктер тарс жабылады... Сұлу, өнерлі, қылықты әйелдің қырықта жесір қалу қасіретін айтуда қиын... Басқан ізің аңдулы, бір ағат адым жасасаң бүкіл халық назарындасың. Мақпал ханым іше түсіңіз... сізге ұзақ ғұмыр тілеймін, шеріңіз тарқасын...»,-деп жазған ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары Халық әртісінің қолдаған азаматтарға ризашылығын білдіріп, тағдыры әншінің жеке өмірін емес, өнерін құрметтеуге үндеген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024