дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мақсат – қаржылық бақылау сапасын арттыру

Мақсат – қаржылық бақылау сапасын арттыру
ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – департамент) 2024 жылдың І тоқсанында 10 739 мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде 2 474 сатып алуға хабарламалар жолданды, яғни 23% мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың өткен мерзімінде заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша 9 нысанды аудиторлық шарамен қамтыды.

Нәтижесінде, жалпы сомасы 2 371,7 мың теңгені құрайтын заң бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 1 765,4 мың теңге қаржылық, 606,4 мың теңге рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар екені белгілі болған. Сондай-ақ 530,7 мың теңге көлемінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылған.
Бүгінде бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілуге тиіс 1 765,9 мың теңгеден қолданылған шаралар арқылы 182,8 мың теңге қайтарылып, қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 10,4 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 5 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған. 3 әкімшілік материал салу 1,9 мың теңге болып, орнын толтыру 100 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша және келіп түскен шағымдар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – департамент) 2024 жылдың І тоқсанында 10 739 мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде 2 474 сатып алуға хабарламалар жолданды, яғни 23% мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.
Тапсырыс берушілер тарапынан мемлекеттік сатып алулар кезінде жіберілетін негізгі бұзушылықтар:
1. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қарау.
Бұзушылықтар әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерін негізсіз қабылдау/қабылдамау, сатып алу нәтижелеріне әсер ететін өтінімдерге шартты жеңілдіктерді негізсіз қолдану/қолданбау болып табылады;
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын әлеуетті өнім берушілерге белгілеу.
Көрсетілген себептер шағым жасалған сатып алулар санының артуына, конкурстық (аукциондық) комиссияның заңсыз шешімдеріне байланысты сатып алудың ұйымдастырушысына сенімсіздік білдіруге ықпал етеді, сондай-ақ бюджет қаражатының уақытылы және тиімді игеруіне және үнемделуіне теріс әсер етеді.
Айта кету керек, ұйымдастырушылар толық орындалмауы, нұсқамаға сәйкес емес орындалуы әкімшілік ауыртпашылыққа және бюджет қаражатының уақытылы игерілмеуіне әкеледі.
Департамент тарапынан жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды тиісінше орындамағаны үшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 5 хат жолданды, 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, соттың қарауына жіберілді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар