Маңғыстау облысында Бекет Ата жерасты мешітіне табиғи газ тартылды
- авторjambylinfo.kz
- 24 наурыз, 2025
- 100

Бейнеу ауданында орналасқан Бекет Ата жерасты мешітіне табиғи газ берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
23 наурыз күні көне мешітке табиғи газ қосу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты.
– Жоба 2025 жылдың қаңтарында жеке кәсіпкердің қаражатына басталып, үш ай ішінде толық аяқталды. Ұзындығы 3,4 шақырым болатын газ құбырының жүргізілуі мешітке зиярат етушілерге қолайлы жағдай жасаумен қатар, тарихи нысанның сақталуына да оң әсерін тигізеді, – делінген хабарламада.
Шара барысында Бекет Атаның жетінші ұрпағы Қалымбегі Ташов сөз сөйлеп, мешітке табиғи газ тарту – ата-баба мұрасына деген құрметтің көрінісі екенін атап өтті.
– Киелі жерлерімізді сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы аманат. Бұл игі іске үлес қосқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Берекеміз арта берсін, – деді ол.
Бекет Ата жерасты мешіті – Қазақстанның жалпыұлттық киелі нысандарының бірі. XVIII ғасырда жартасқа ойылып салынған ерекше сәулет өнерінің үлгісі үш бөлмеден тұрады. Мешіттің басты бөлмесі дөңгелек пішінде, ал күмбезі жазық төбелі етіп жасалған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жетісу облысында екі балықшы құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025