Жаңалықтар

Маңғыстау облысында ер адам бекіре аулағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысында ер адам бекіре аулағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Toyota Hilux көлігінен балық табылды. Бекірені заңсыз аулап, тасымалдағаны үшін Маңғыстау облысының түрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам апелляциялық шағым түсірді. Қорғаушысы екеуі кінәні мойындауы мен  басқа соттылықтың жоқтығын ескере отырып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Алайда апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды. "Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот ер адамның қылмысын дұрыс анықтады деп шешті. Үкімнің өзгеруіне немесе күшін жоюға әкелетін жаңа дәлелдер ұсынылмаған. Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды", – деп хабарлады Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі.