Жаңалықтар

Маңғыстау облысында педофил суицид жасады

Маңғыстау облысында педофил суицид жасады

16 және 12 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция ғимаратының терезесінен секіріп кетті.

Күдікті ауруханада бірнеше күн жатып, қайтыс болды. 5 ақпанда аудан тұрғыны екі қызының зорлық-зомбылық көргенін айтып, полицияға шағым түсірген.  ▫️Әйелдің айтуынша, екі қыз 4 жыл бойы педофилден зәбір көріп келген.  Күдікті қыздардың ата-анасының жақын танысы екені анықталды.  Ол тергеу кезінде істеген ісін мойындаған.