Маңғыстауда аяғы ауыр әйелін пышақтаған ер адамды ұстауға қатысқан полицейлер тергеледі
- авторjambylinfo.kz
- 15 шілде, 2024
- 736
Маңғыстау облысында жұрттың көзінше жұбайын пышақтап тастаған ер адамды ұстауға қатысқан құқық қорғау органдарына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі деп хабарлайды Jambylinfo. kz. lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазір ер адамды ұстаған полиция қызметкерлері арасында тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап жатқанда полиция қызметкерлері оған араша түспегенін жазған едік.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз