Жаңалықтар

Маңғыстауда аяғы ауыр әйелін пышақтаған ер адамды ұстауға қатысқан полицейлер тергеледі

Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр

Маңғыстау облысында жұрттың көзінше жұбайын пышақтап тастаған ер адамды ұстауға қатысқан құқық қорғау органдарына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі деп хабарлайды Jambylinfo. kz. lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазір ер адамды ұстаған полиция қызметкерлері арасында тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап жатқанда полиция қызметкерлері оған араша түспегенін жазған едік.