дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстауда мектеп басшылығы ұстаздардан ақша жинап келген

Маңғыстауда мектеп басшылығы ұстаздардан ақша жинап келген
Сурет ашық дерекөзден алынды
Қазір аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалған

Маңғыстау облысында мектеп басшылығы ұстаздардан заңсыз ақша жинап келгені белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы ақша жинаған.

«Формальді бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды. Сондай-ақ мектеп басшылығы өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген», - делінген   прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар