Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Сай-Өтес тас жолында болған жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 ақпан күні қала сыртындағы жолда Toyota Camry мен КамАЗ соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көліктің жүргізушісі дене жарақаттарымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.