бейсенбі, 4 шілде, 2024 16:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мадридтік Реал Чемпиондар Лигасының 15 дүркін жеңімпазы атанды

Мадридтік Реал Чемпиондар Лигасының 15 дүркін жеңімпазы атанды
Фото: Reuters
“Реал Мадрид” футбол клубы “Дортмунд Боруссияны” жеңіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Төрткүл дүние көз тіккен Чемпиондар лигасының финалдық матчында королдік “Реал Мадрид" командасы мен дортмундық “Боруссия” ойнап, “Реал Мадрид” командасы жеңіске жетті. “Уэмбли" стадионы өткен матчтың алғашқы таймында есеп асылған жоқ. Тек екінші таймның 74-минутында Тони Кросстың бұрыштамадан көтерген добын Дани Карвахаль баспен қақпаға дәл бағыттап есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал Винисиус Жуниор 83-минутта екінші голды соғып, ойынның тағдырын шешті. Осылайша, “Реал Мадрид” командасы өз тарихында он бесінші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып отыр.

Айта кетейік,  “Боруссия Дортмунд” 11 жылдың ішінде алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шыққанын еді. 11 жыл бұрын да финалда ұтылып, чемпион атана алмаған болатын.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар